2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 101,7% орындалды (жоспар бойынша 153,5 млрд.теңге, факті 156,1 млрд.теңге). Қарқыны 126,1% немесе 32,3 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 103,1% немесе 3,0 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 96,1 млрд.теңге, түсімдер сомасы 99,0 млрд.теңге. Қарқыны 121,5% (+17,5 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 99,4% (-0,4 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 57,4 млрд.теңге, түсімдер сомасы 57,0 млрд.теңге. Қарқыны 134,9%, немесе 14,8 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 87,8% құрады. Қарқыны 103,7% (+193,7 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 3,2 млрд.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 8,6 млрд.теңгеге аз (2024 жылғы 8 айында 11,8 млрд. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 48% немесе 27 311,5 млн.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС – 30% немесе 17 020,0 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС – 9%, немесе 4 832,3 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 8% немесе 4 444,8 млн.теңге;
басқа көздер – 6%, немесе 3 431,3 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5 632,2 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 3 751,0 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-1 682,8 млн.теңге,
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 1001,2 млн.теңге,
салық аудиті - 509,8 млн.теңге және т. б.