Меню

Страницы

Статья

Халықаралық пошта жөнелтілімдері

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – ЕАЭО КК) 2-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес, халықаралық пошта жөнелтілімдері – Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта алмасу объектілері болып табылатын жазбаша хат-хабарлардың сәлемдемелері мен жөнелтімдері Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттармен сүйемелденеді, Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге халықаралық пошта алмасу орындарынан (мекемелерінен) жіберіледі не Одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта алмасу орындарына (мекемелеріне) түседі не Одақтың кедендік аумағы арқылы транзитпен жүреді.

Бұл ретте, ЕАЭО КК 83-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты ретінде тасымалдаушы (оның ішінде кедендік тасымалдаушы) бола алады.

Сонымен бірге, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері ЕАЭО КК 287-бабымен реттеледі.

ЕАЭО КК 287-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, ЕАЭО аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты:

оларды келу орнынан халықаралық пошта алмасу орнына (мекемесіне) немесе кету орнына тасымалдау кезінде;

оларды халықаралық пошта алмасу орындары (мекемелері) арасында тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімі қолданылады.

ЕАЭО КК 287-бабының нормаларында халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін тек ЕАЭО мүше мемлекетінің тағайындалған операторы жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, ЕАЭО КК 287-бабының 5-тармағына сәйкес, Халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуы мынадай жағдайларда:

1) декларант ретінде тағайындалған пошта байланысының операторы шықса;

2) халықаралық пошта жөнелтілімдері халықаралық пошта алмасудың орнына (кәсіпорнына) жеткізуге жатса қамтамасыз етілмейді.

Бұл ретте, ЕАЭО КК 287-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, аумағында халықаралық пошта алмасу орны (кәсіпорны) орналасқан, мүше мемлекеттің тағайындалған пошта байланысының операторы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда, халықаралық пошта жөнелтілімдерінің декларантымен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша бірдей міндетті болады.

Бұдан басқа, 2025 жылғы 1 сәуірден бастап «Транзиттік декларация нысанын және оны толтыру тәртібін бекіту, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және олардың күшін жою туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 73 шешімі (бұдан әрі – Толтыру тәртібі) күшіне енді.

Толтыру тәртібінің 14 және 18-тармақтарына сәйкес, халықаралық почта жөнелтілімдерін ауыстыру кезінде № 2 «жөнелтуші» және 3 8 «алушы» транзиттік декларациясының бағандарында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерін ілесіп жүретін құжаттарға сәйкес тағайындалған почта байланысы операторының атауы, Халықаралық пошта жөнелтілімдерін жөнелтуші және алушы болып табылатын халықаралық пошта алмасу орнының (мекемесінің) атауы және орналасқан жері (қаласы немесе коды) көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген ЕАЭО кеден заңнамасы нормалары халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты ретінде тасымалдаушының әрекет ету мүмкіндігін қарастырады.

Бұл ретте, халықаралық пошта тасымалының ерекшелігін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды пайдалануды, сондай-ақ тағайындалған операторда кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің декларантымен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндеттің туындауын ескере отырып, халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде тасымалдаушы. декларацияланатын халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты оның өкілеттігін және аумағында жеткізу орны ретінде айқындалған халықаралық пошта алмасу орны орналасқан мемлекеттің тағайындалған операторымен өзара іс-қимылды растайтын құжаттарды ұсынады.

Дата публикации
31 июля 2025
Дата обновления
31 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы