Жазғы демалыс маусымының қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасы Қазақстан Республикасынан шетел валютасын шығару жөніндегі қолданыстағы заңнама нормаларын еске салады.
Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы ҚР Кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес құқықтық норма бар, оған сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелу немесе әкету кезінде шетел валютасы мен жол чектері, егер олардың жалпы сомасы 10 000 (он мың) АҚШ долларына баламалы сомадан асатын болса, кедендік декларация арқылы декларациялануға жатады.
Алайда, бұл құқықтық норма әлі де күшін жоймағанымен, іс жүзінде қазіргі уақытта қолданылмайды және бұл маңызды екенін білу қажет!
Мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау және елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы күшіне енді. Бұл жарлықпен шетел валютасындағы және бағалы қағаздар түріндегі ақша құралдарын 10 000 (он мың) АҚШ долларына баламалы сомадан асатын көлемде Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынады. Бұл соманы ҚР Ұлттық банкінің шығару күніне арналған бағамы бойынша есептейді.
Осылайша, әрбір отбасы мүшесіне (оның ішінде балаларға да) шетел валютасын 10 000 (он мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын көлемде әкетуге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2019 жылғы 23 қазандағы №124 шешімімен жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау тәртібі бекітілгенін білу пайдалы. Онда он сегіз жасқа толмаған тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды алып жүрген адамның кедендік жолаушылар декларациясында көрсетілуі тиіс екені айтылады.