2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 101,6% орындалды (жоспар бойынша 113,7 млрд.теңге, факті 115,5 млрд.теңге). Қарқыны 125,8% немесе 23,7 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 104,4% немесе 3,1 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 71,4 млрд.теңге, түсімдер сомасы 74,5 млрд.теңге. Қарқыны 120% (+12,4 млрд. теңге).
Республикалық бюджет 97,0% (-1,3 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 42,3 млрд.теңге, түсімдер сомасы 41,0 млрд.теңге. Қарқыны 137,9%, немесе 11,3 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 96,9% құрады. Қарқыны 114,5% (+545,2 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 3,0 млрд.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 6,7 млрд.теңгеге аз (2024 жылғы 6 айында 9,7 млрд. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 44% немесе 18 229,6 млн.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС - 31% немесе 12 838,2 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС - 9%, немесе 3 785,6 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 9% немесе 3 552,8 млн.теңге;
басқа көздер - 6%, немесе 2 639,5 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4 968,7 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 3 361,3 млн. теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-1420,7 млн.теңге,
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 990,3 млн.теңге,
салық аудиті - 471,5 млн.теңге және т. б.