Қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу туралы жаңа кодекске өзгерістер енгізілді
(Өзгерістер 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қосылған құн салығын төлеушiнi тiркеу мына нысанда жүзеге асырылады:
1) салық төлеушiнiң ерiктi тiркеу есебiнен тұруы;
2) салық төлеушiнiң мiндеттi тiркеу есебiнен тұруы;
3) салық төлеушiнi шартты тiркеу.
2. Салық төлеушiнi мiндеттi және ерiктi тiркеу салық төлеушiлердiң деректер базасында жүзеге асырылады.
3. Мыналар салық төлеуші ретінде тіркелуге жатпайды:
1) мемлекеттік орган;
2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
3) жеке практикамен айналысатын адам;
4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
5) жеке тұлға.
4. Салық төлеушiнi тiркеу үшiн:
1) айналым Кодекстiң 449-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген айналымдардың Кодекстiң 101-бабында белгiленген күннен бастап жиынтық сомасы бар сомасы ретiнде айқындалады;
2) айналымның шекті мәні – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген көлеміне тең айналым.
5. Салық төлеушiнi тiркеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына осындай өтiнiш табыс етiлген күннен бастап табыс етiлген салықтық өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Салық төлеушi тiркеу есебiнен өткеннен кейiн басшы және (немесе) бюджетпен есеп айырысуларға жауапты тұлға салық органдарында электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесiмен және электрондық шот-фактураларды беру тәртiбiмен танысудан өтуге мiндеттi.
Заңды тұлғаны тіркеу және/немесе тіркеу деректерін өзгерту, сондай-ақ басшыны ауыстыру кезінде басшының биометриялық сәйкестендіру электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша заңды күшіне енген сот шешімі бойынша заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда, аталған заңды тұлға осындай қайта тіркеу күнінен бастап нөмірлер тізіліміне тиісті өзгеріс енгізілгенге дейінгі кезең ішінде салық төлеуші болып танылмайды.
8. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, осы баптың ережелері шартты тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаңы арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияға қолданылмайды.
Шетелдік компанияны салық төлеуші ретінде шартты тіркеу Кодекстің 102-бабына сәйкес жүзеге асырылады.