2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 102,7% орындалды (жоспар бойынша 96,5 млрд.теңге, факті 99,1 млрд.теңге). Қарқыны 127,2% немесе 21,2 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 103,6% немесе 2,2 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 60,8 млрд.теңге, түсімдер сомасы 63,0 млрд.теңге. Қарқыны 118,1% (+9,6 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 101,3% (+0,5 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 35,7 млрд.теңге, түсімдер сомасы 36,2 млрд.теңге. Қарқыны 147,1%, немесе 11,6 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 102,4 % құрады. Қарқыны 121,0% (+635,5 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 2,9 млрд.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 6,4 млрд.теңгеге аз (2024 жылғы 5 айында 9,3 млрд. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 47%, немесе 17 018,2 млн.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС-29%, немесе 10 426,9 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 9% немесе 3 106,5 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС - 9%, немесе 3 170,9 млн.теңге;
басқа көздер - 7%, немесе 2 433,6 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4565,3 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 2898,6 млн.теңге, жергілікті бюджетке – 1666,7 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-1902,1 млн.теңге,
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 977,3 млн.теңге,
салық аудиті-390,3 млн.теңге және т. б.