2025 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 109,6% орындалды (жоспар бойынша 72,7 млрд.теңге, факті 79,7 млрд.теңге). Қарқыны 132,7% немесе 19,7 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 111,3% немесе 5,3 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 46,8 млрд.теңге, түсімдер сомасы 52,1 млрд.теңге. Қарқыны 117,3% (+7,7 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 106,4% (+1,7 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 25,9 млрд.теңге, түсімдер сомасы 27,6 млрд.теңге. Қарқыны 176,6%, немесе 12,0 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 106,5% құрады. Қарқыны 126,0% (+567,3 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 74,2 млн.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 9,0 млрд. теңгеге аз (2024 жылғы 4 айында 9,1 млрд. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 46%, немесе 12 592,8 млн.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС-29%, немесе 7 942,2 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 9% немесе 2 617,7 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС - 8%, немесе 2 319,1 млн.теңге;
басқа көздер - 8%, немесе 2 116,6 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2025 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 2921,8 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 1982,8 млн.теңге, жергілікті бюджетке – 939,0 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-1244,6 млн.теңге,
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 764,5 млн.теңге,
салық аудиті-361,8 млн.теңге және т. б.