Меню

Страницы

Статья

Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақы төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы

2025 жылғы 15 сәуірден бастап Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары микро және шағын бизнес субъектілері беретін фискалдық чектерді сканерлегені үшін кэшбек түрінде сыйақы ала бастады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыйақы төлеу арқылы микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыруға бағытталған "salyq кэшбэк" пилоттық жобасының 2025 жылғы 15 сәуірден басталуы туралы хабарлайды.

Жобаоблыстың5ауданындаөткізіледі:Шалақынауданы,Ғ. Мүсірепов,Айыртау,Тайынша,Жамбылаудандары.

Жоба сыйақы төлеуді – микро және шағын бизнес субъектілері беретін фискалдық чектерді сканерлегені үшін кэшбек алуды көздейді.

«Salyqкэшбэк»жобасына кез келген адам қатысаалады.

Жобаға қатысу қарапайым және барлығына қол жетімді. Ол үшін сізге қажет:

1.Amian мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз және тіркеліңіз;

2.Тауарларды немесе қызметтерді сатып алғанда, әрқашан кәсіпкерлерден фискалдық чекті талап етіңіз;

3.Amian қолданбасында чекті сканерлеңіз;

4.Осыдан кейін сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк есептелетін болады

Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефонның балансына аударуға болады.

 Сыйақыларды есептеуді «It Analytics» ЖШС операторы App Store және Google Play дүкендерінде тегін жүктеп алуға болатын «Amian» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырады.

Жобаның мақсаттары:

- Экономикалық және құқықтық мәдениетті арттыру;

- Экономиканың көлеңкелі секторын қысқарту;

- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

         -Бақылау-кассалықмашиналардыпайдаланудыынталандыру.

         Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды өз құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардың чектерін талап етуге шақырады.

 

Дата публикации
05 мая 2025
Дата обновления
05 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы