Меню

Страницы

Статья

Халықаралық тасымалдармен байланысты айналымдар

Халықаралық тасымалдармен байланысты айналымдар

 

Іске асыру орны Қазақстан Республикасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 387 және 448-баптарына сәйкес Халықаралық болып табылатын тасымалдарға байланысты мынадай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар қосылған құн салығынан босатылады: тиеу, түсіру, қайта тиеу (төгу, құю, өнімді басқа магистральдық құбырларға беру, көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу);

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе басқа табан ені доңғалақ жұптарына ауыстыру; Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттік жүктерді экспедициялау; вагондар (контейнерлер)операторының қызметтері;

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес әуежай қызметінің құрамына кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсету қызметтері; теңіз порттарының халықаралық рейстерге қызмет көрсету қызметтері; әмбебап пошта қызметтері; Тіркелген пошта жөнелтілімдерін жіберу жөніндегі қызметтер.

Осы бөлімнің мақсаттарында вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында ол кешенде көрсететін және тасымалдау процесіне қатысушы ретінде тасымалдау құжатында көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай қызметтер болып табылады:

1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;

2)вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;

3) тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) нақты қозғалысын орталықтандырылған жедел бақылау және қашықтан басқару жолымен диспетчерлеу.

Дата публикации
30 марта 2025
Дата обновления
30 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы