2025 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 109,9% орындалды (жоспар бойынша 37,4 млрд.теңге, факті 41,1 млрд.теңге). Қарқыны 144,0% немесе 12,5 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 113,9% немесе 3,0 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 22,0 млрд.теңге, түсімдер сомасы 25,0 млрд.теңге. Қарқыны 117,5% (+3,7 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 104,2% (+0,6 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 15,4 млрд.теңге, түсімдер сомасы 16,1 млрд.теңге. Қарқыны 222,1%, немесе 8,8 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындалуы 88,1% құрады. Қарқыны 104,3% (+48,2 млн.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 47,2 млн.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 7,38 млрд. теңгеге аз (2024 жылғы 2 айында 7,43 млрд. теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ІТТ-ға ҚҚС – 62,9%, немесе 10 096,2 млн.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС-18,7%, немесе 3 001,9 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС - 6,7% немесе 1 080,0 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-6,2%, немесе 994,6 млн.теңге;
басқа көздер - 5,5%, немесе 883,9 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2025 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 655,9 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 507,2 млн.теңге, жергілікті бюджетке – 148,7 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-299,8 млн.теңге,
салық аудиті-218,8 млн.теңге
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 25,6 млн.теңге және т. б.