2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 98,9% орындалды (жоспар бойынша 190,6 млрд.теңге, факт 188,4 млрд.теңге). Қарқыны 96,9% немесе 6 млрд.теңгеге аз.
Жергілікті бюджет 102,4% немесе 2,9 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 124,3 млрд.теңге, 127,3 млрд.теңге түсті. Қарқыны 105,8% (+7 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 92,3% (-5,1 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 66,2 млрд.теңге, 61,1 млрд. теңге түсті, қарқыны 82,4% немесе 13,1 млрд.теңгеге аз, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындау 93% құрады. Қарқыны 70,4% (-3,1 млрд.теңге).
ҚҚС бойынша "0" ставкасы 20,7 млрд.теңге қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 15,4 млрд.теңгеге артық (2023 жылғы 12 айында 5,3 млрд.теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағы келесі төлемдерге келеді:
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС-43% немесе 26 597,2 млн.теңге;
ІТТ-ға ҚҚС-28% немесе 17 182,0 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-11% немесе 6 835,3 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС-11% немесе 6 660,4 млн.теңге;
басқа көздер-6% немесе 3 870,6 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізiлудеі.
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 9,2 млрд.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке-5,9 млрд.теңге, жергілікті бюджетке-3,3 млрд.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-2,8 млрд.теңге,
ЕАЭО салықтары (ҚҚС) – 1,5 млрд.теңге,
салықтық тексерулер - 1,5 млрд.теңге, және т. б.