Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
13) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға:
дара кәсіпкер, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі ретінде тіркеу есебінде тұрған, ол пайда болған күннен бастап екі ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар жеке тұлғаның республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшерінен астам мөлшерінде.