ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті транзиттік декларацияны беруге,төлемдер мен салықтарды төлемуді қамтамасыз ету сертификатын (КТжС) ,тауарларды сақтау құжатын тіркеуге ,тауарларды тексеру/қарау және көлік құралы бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыруға байланысты «КЕДЕН» ақпараттық жүйесінде функционалдың іске қосылғаны туралы алдын ала ақпаратты хабарлайды.
2024 жылғы 14 қарашада сағат 09.00-ден бастап «КЕДЕН» АЖ-да КТжС төлеуді қамтамасыз ету сертификатын тіркеуге өтініш беруге және «КЕДЕН» АЖ-да КТжС иөлеу сертификатын қалыптастыруға байланысты функционалды іске қосу жоспарлануда.
2024 жылғы 16 қарашада сағат 00.00-ден бастап «КЕДЕН» АЖ-да:
-алдын ала ақпарат беру,келуге байланысты кедендік операцияларды жасау;
-көліктік,ветеринариялық,фитосанитариялық,санитариялық-эпидемиологиялық бақылаулардың өтуі;
-транзиттік декларацияны беру,тіркеу және шығару, сондай-ақ кедендік транзиттің аяқталуы бойынша кедендік операцияларды жасау;
-тауарларды уақытша сақтауға байланысты кедендік операцияларды жетілдеру;
-резидент емес жеке тұлғалар үшін бірегей сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;
-кедендік тексеріп қарауды/қарап тексеруді жүргізу арқылы.
Жоғарыда көрсетілген функционалды үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін келесі сәттерге назар аудару қажет:
2024 жылғы 16 қарашада сағат 00.00-ден бастап транзиттік декларацияны беру,тіркеу және шығару «КЕДЕН» АЖ арқылы жүргізілетін болады.
Ақпараттандыру тәртібімен хабарланады.