СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық деректер 2024 жылдың 10 айы ішінде Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер органдарымен 410 395 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызмет алушылардың санаттары бөлінісінде, жалпы 2024 жылдың 10 айында жеке тұлғаларға – 293 801 қызмет, заңды тұлғаларға – 116 594 қызмет көрсетілді. Облыс бойынша электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 408 710 қызмет ұсынылған, бұл 99,6% құрайды. Оның ішінде ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелері арқылы – 403 544 қызмет, "Е-үкімет" порталы арқылы - 4 866 қызмет, "Е-лицензиялау" АЖ арқылы – 300 қызмет көрсетілді. Қағаз түрінде 1 685 қызмет немесе 0,4% ұсынылған.