Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 27.06.2023ж. №707 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын, жүктерді және тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес кезекті электрондық броньдау жүйесінің өткізу пункттерінде жұмыс істеуі көзделген.
2024 жылғы 29 тамыздан бастап «Қызылжар» жэне «Қаракоға» автокөлік өткізу пунктінде (бұдан әрі – АӨП) пилоттық жоба іске қосылды және «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі енгізілді.
Пилоттық жобаны іске қосу кезеңінде 29 тамыздан бастап 2024 жылғы 09 қазаннан жағдай бойынша электрондық кезекке 3324 азамат тіркелді.
Бұл ретте, 2022 жылғы қарашадан бастап «CarGoRuqsat» электрондық кезегінің бұл жүйесі Қазақстан Республикасының Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдермен сыртқы шекарасында іске асырылды (10 өткізу пункті).
Бұл шекараға көптеген жүк көліктерінің біржолғы келуін болдырмауға мүмкіндік берді, бұл кептелістердің болмауын қамтамасыз етеді және шекараны жедел кесіп өтуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақылардың мөлшерін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес жүк автокөліктеріне 1 АЕК сомасында 1 көлік құралы үшін төлем көзделген, оның ішінде тіркемелері бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар, алайда бұл бұйрық 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жүктелген функцияларды орындау кезінде мемлекеттік кірістер органдары оның ішінде салық салудың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейтін, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, күшін жою, есептеу және төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін басшылыққа алады.