Сұрақ:
Cалық төлеушінің кабинетіне «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған орташа тәуекл дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарлама » келіп түсті, бұзушылық 2023 жылғы 100.00 нысаны декларациядағы КТС бойынша шегірімді асыраса бағалау бойынша анықталды.
Осы хабарламаны орындау тәртібі қандай?
Жауап:
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші ол тапсырылған күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мыналар:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы хабарламаны орындауы болып танылады.
Түсініктерде:
салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;
түсінікті ұсынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (тұрған жері);
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні көрсетілуі керек.
Түсінікті ұсынған кезде салық төлеуші салық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) растайтын құжаттарды ұсынуға және (немесе) келіспеу мән-жайларын көрсетуге құқылы.