2024 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 93,4%-ға орындалды (жоспар бойынша 83,4 млрд.теңге, факт 77,9 млрд.теңге). Қарқыны 102,0% немесе 1,5 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 107,5%-ға немесе 3,7 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 49,6 млрд.теңге, 53,3 млрд.теңге түсті. Қарқыны 114,7% (+6,8 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 72,7%-ға (-9,2 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 33,8 млрд.теңге, 24,6 млрд.теңге түсті, қарқыны 82,2% немесе 5,3 млрд.теңгеге аз, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындау 40,3%-құрады. Қарқыны 57,6% (-2,2 млрд.теңге).
9,3 млрд.теңге "0" ставкасы бойынша ҚҚС қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 5,3 млрд.теңгеге артық (2023 жылғы 5 айда 4,0 млрд.теңге қайтарылды.теңге).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағын мынадай төлемдер алады:
ЕАЭО–дан импортқа ҚҚС-40,8% немесе 10030,7 млн.теңге;
ІТТ-ға ҚҚС-31,9% немесе 7842,2 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-11,3% немесе 2768,6 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС-10,8% немесе 2652,9 млн.теңге;
басқа көздер-5,2% немесе 1276,6 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдары бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізеді.
2024 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4736,4 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 3292,5 млн.теңге, жергілікті бюджетке-1443,9 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-1338,6 млн.теңге;
салық берешегін өндіріп алу бойынша-661,1 млн.теңге;
салықтық тексерулер бойынша-618,8 млн.теңге;
ЭШФ мәліметтері бойынша-574,4 млн.теңге;
3 тұлғаның деректер базасы бойынша-448,2 млн.теңге;
өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша-418,4 млн.теңге және т. б.