Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

 

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

 

            Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 569-бабына сәйкес және  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) бекітілген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесінің негізінде, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының                  төрағасы

 

 

В. Бубенко

 

Солтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының

2024 жылғы 29 наурыздағы         № 12/5 шешіміне қосымша

 

 

 

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшерлемелері

 

 

Р/с

№

Өзен, көл, теңіз бассейндері

Арнайы су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері, теңге

1

Есіл өзенінің бассейні

Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 текше метр

203,34

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда

теңге/1000 текше метр

563,36

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

160,01

4

Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 текше метр

160,01

5

Гидроэнергетика

теңге/1000 киловатт/

сағат

56,67

6

Су көлігі

теңге/1000 көліктік километр

16,67

Дата публикации
06 июня 2024
Дата обновления
06 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы