2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 92,5%-ға орындалды (жоспар бойынша 64,9 млрд.теңге, факт 60,0 млрд. теңге). Қарқыны 100,4% немесе 0,3 млрд.теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 107,5%-ға немесе 3,1 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 41,3 млрд.теңге, 44,4 млрд.теңге түсті. Қарқыны 119,4% (+7,2 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 66,2%-ға (-8,0 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 23,6 млрд.теңге, 15,6 млрд.теңге түсті, қарқыны 69,2% немесе 6,9 млрд.теңгеге аз, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындау 34,8%-құрады. Қарқыны 49,7% (-2,2 млрд.теңге).
9,1 млрд.теңге "0" ставкасы бойынша ҚҚС қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 6,6 млрд.теңгеге артық (2023 жылғы 4 айда 2,5 млрд.теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағын мынадай төлемдер алады:
ЕАЭО–дан импортқа ҚҚС-50,1% немесе 7832,8 млн.теңге;
ІТТ-ға ҚҚС-15,6% немесе 2433,4 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС-15,2% немесе 2375,2 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-12,8% немесе 1993,2 млн.теңге;
басқа көздер-6,3% немесе 990,1 млн.теңге.
Мемлекеттік кірістер органдарымен бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізеді.
2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 3413,5 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 2257,9 млн.теңге, жергілікті бюджетке – 1155,6 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-862,7 млн.теңге;
салықтық тексерулер бойынша-511,5 млн.теңге;
өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша - 361,3 млн.теңге;
салық берешегін өндіріп алу бойынша-444,8 млн.теңге;
ЭШФ мәліметтері бойынша-319,8 млн.теңге және т. б.