Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 3 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары

2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 97,8%-ға орындалды (жоспар бойынша 45,9 млрд.теңге, факт 44,9 млрд.теңге). Қарқыны 103,8% немесе 1,6 млрд. теңгеге артық.

Жергілікті бюджет 111,1%-ға немесе 3,2 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 28,8 млрд.теңге, 32,0 млрд.теңге түсті. Қарқыны 125,6% (+6,5 млрд.теңге).

Республикалық бюджет 75,4%-ға (-4,2 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 17,1 млрд.теңге, 12,9 млрд.теңге түсті, қарқыны 72,5% немесе 4,9 млрд.теңгеге аз, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындау 33,9% құрады. Қарқыны 48,4% (-1,7 млрд.теңге).

7,7 млрд.теңге «0» ставкасы бойынша  ҚҚС қайтарылды, өткен жылғы деңгейінен 5,2 млрд. теңгеге артық (2023 жылғы 3 айда 2,5 млрд.теңге қайтарылды).

Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағын мынадай төлемдер алады:
ЕАЭО–дан импортқа ҚҚС-43,4% немесе 5580,8 млн.теңге;
ITT-ға ҚҚС -24,0% немесе 3088,2 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС-15,6% немесе 2012,7 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-11,1% немесе 1431,1 млн.теңге;
басқа көздер-5,8% немесе 751,8 млн.теңге.

Мемлекеттік кірістер органдары бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде.

2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 2374,3 млн.теңге қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 1780,8 млн.теңге, жергілікті бюджетке – 593,5 млн.теңге.

Мемлекеттік бюджетке ең көп түсім нәтижелер бойынша қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-676,2 млн.теңге;
салықтық тексерулер бойынша - 502,8 млн.теңге;
өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша-298,7 млн.теңге;
салық берешегін өндіріп алу бойынша-235,1 млн.теңге;
ЭШФ мәліметтері бойынша-217,3 млн.теңге және т. б.

Дата публикации
18 апреля 2024
Дата обновления
18 апреля 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы