Меню

Страницы

Статья

Салық заңнамасындағы өзгерістер:   Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау бөлігінде

 

 

Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру болып табылады, осыған байланысты қолданыстағы мониторинг жүйесі қайта қаралды.

2024 жылғы 12 ақпаннан бастап растайтын құжаттарды түсіндіруге ұсыну және олар бойынша хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімдер шығару міндеттілігін алып тастау арқылы тәуекел дәрежесі орташа хабарламаларды орындау рәсімі өзгертілді.

Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім тәуекел дәрежесі жоғары хабарламалар үшін ғана шығарылады.

Яғни тәуекелдің орташа дәрежесі бар хабарламалар растайтын құжаттарсыз түсіндірме негізінде орындалды деп танылады.

Салық кодексіне, СК 96-бабы және СК 142-бабы 1-тармағының 3-2) және 9) тармақшаларына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес салық тексерулерінің 2 жаңа түрі енгізілді, бірі ЭШФ блогымен, ал екіншісі камералдық бақылауды күшейтумен байланысты:

СК 142-бабы 1-тармағы. Мынадай мәселелер бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық органы жүргізетін тексеру тақырыптық тексеру болып табылады:

3-2) салық органы оларға қатысты СК 120-1-бабында көзделген шектеулер қолданған салық төлеушімен (салық төлеушілермен) өзара есеп айырысу бойынша салық міндеттемесін айқындау;

9) СК 96-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасында көрсетілген бұзушылықтардың болуын растау.

Түзету белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, бұл ретте кәсіпкердің қаржы-шаруашылық қызметін шектемей (оның ішінде сотқа дейінгі талқылау мақсатында) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған алшақтықтардың болуын дәлелді растау қажеттілігіне негізделген.

Осылайша, хабарламаны орындамау, толық емес және негізсіз түсіндіру тақырыптық салықтық тексеруді ашу үшін негіз болуы мүмкін.

Осыған байланысты ұсынылған түсініктеме формальды емес, керісінше барынша негізделген болуға тиіс екеніне назар аударамыз. Онда бұзушылық туралы барлық дәлелдерді жоққа шығаратын барлық растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықпен келіспеу мән-жайларын егжей-тегжейлі сипаттау қажет. Сондай-ақ камералдық бақылау хабарламаларын өткізіп алмау үшін Салық төлеуші кабинетін жиі тексеруге шақырамыз.

Дата публикации
28 марта 2024
Дата обновления
28 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы