2024 жылдың 1 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 100,4%-ға орындалды (жоспар бойынша 11,8 млрд.теңге, факт - 11,8 млрд. теңге). Қарқыны 96,6% немесе 0,4 млрд.теңгеге аз.
Жергілікті бюджет 113,6%-ға немесе 1,0 млрд. теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 7,5 млрд. теңге, 8,5 млрд. теңге түсті. Қарқыны 103,4% (+0,3 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 77,5%-ға (-1,0 млрд. теңге) орындалды. Жоспар бойынша 4,3 млрд. теңге, 3,3 млрд. теңге түсті, қарқыны 82,8% немесе 0,7 млрд. теңгеге аз, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындау 57,1%-.құрады. Қарқыны 81,1% (+0,1 млрд.теңге).
0,9 млрд.теңге «0» ставкасы бойынша ҚҚС қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 0,9 млрд. теңгеге артық (2023 жылғы қаңтарда қайтару жүргізілген жоқ).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағын мынадай төлемдер алады:
ЕАЭО–дан импортқа ҚҚС-59,1% немесе 1970,7 млн. теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-17,5% немесе 583,2 млн. теңге;
Республикалық бюджетке КТС-14,1% немесе 468,2 млн. теңге;
басқа көздер-9,3% немесе 309,5 млн. теңге.
Бюджетті барынша толықтыру үшін салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2024 жылдың қаңтар айында өткізілген іс – шаралардың нәтижесінде бюджетке қосымша 502 млн.теңгеден астам резервтер іздестірілді, оның ішінде жергілікті бюджетке – 84 млн. теңге, республикалық бюджетке-418 млн. теңге.
Жұмыс жыл бойы жалғасады.