2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 111,9%-ға орындалды (жоспар бойынша 173,8 млрд.теңге, факт 194,5 млрд.теңге). Қарқыны 126,9% немесе 41,3 млрд.теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 123,3%-ға немесе 22,7 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 97,6 млрд.теңге, 120,3 млрд.теңге түсті. Қарқыны 123,5% (+22,9 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 97,3%-ға (-2,0 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 76,2 млрд.теңге, 74,2 млрд.теңге түсті, 132,9% қарқын немесе 18,4 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындау 104,2% құрады. Қарқыны 137,8% (+2,9 млрд.теңге).
5,3 млрд.теңге "0" ставкасы бойынша ҚҚС қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 4,2 млрд.теңгеге аз (2022 жылғы 12 айда 9,5 млрд. теңге қайтарылды) .
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағын мынадай төлемдер алады:
ІТТ -ға ҚҚС-39,3% немесе 29189,7 млн.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС-32,2% немесе 23892,2 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-13,2% немесе 9758,8 млн. теңге;
Республикалық бюджетке КТС-9,9% немесе 7348,6 млн.теңге;
басқа көздер-5,4% немесе 4012,3 млн.теңге.
Түсімдерді ұлғайту үшін қосымша резервтерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 13027,7 млн.теңге сомасында қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 10634,6 млн.теңге түсті.
Ең көп сомалар есебінен қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-3497,4 млн.теңге,
ірі кәсіпорындар - 2724,0 млн.теңге,
салық аудиті – 1315,3 млн.теңге және т. б.
Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуін және жоспар-болжамға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс салықтық және кедендік әкімшілендірудің барлық бағыттары бойынша жалғасуда.