Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының автокөлік өткізу пункттері қалай жұмыс істейді

Солтүстік Қазақстан облысы Ресей Федерациясымен шекаралас аумақ болып табылады. Солтүстігінде Ресейдің Қорған, Тюмень және Омбы облыстарымен шектеседі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-СҚО бойынша МКД) қызмет аймағында 4 автокөлік өткізу пункті жұмыс істейді: Жаңа-жол – Петухово АӨП (Қорған облысы), Қарақоға-Есілкөл АӨП (Омбы облысы), Бидайық-Одесса АӨП (Омбы облысы), Қызыл Жар – Қазан АӨП (Түмен облысы).

СҚО бойынша МКД қызметі аймағында өткізілетін тауарды бақылау шеңберінде мәліметтерді растауды, мониторингтеуді және әкімшілендіруді Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасы жүзеге асырады.

Басқарманың негізгі міндеттері сканерлеу және жүкке ілеспе құжаттарды растау, мәліметтердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ экспорттық бақылау шеңберінде шектеу және тыйым салынған шаралардың сақталуы, ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде бюджетке төленетін төлемдерді өндіріп алудың толықтығы мәселелерін әкімшілендіру арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тауарлардың өткізілуіне мониторинг жүргізу болып табылады.

Орташа алғанда, бір айда мониторингке коммерциялық жүктері бар 20-дан 30 мыңға дейін машина түседі. Өткізілетін тауар туралы мәліметтер салық міндеттемелерінің орындалуын одан әрі әкімшілендіру және бақылау үшін бірыңғай базаға енгізіледі.

2023 жылдың республикалық бюджетке импорттан 23 892,0 млн. теңге сомасына қосылған құн салығы түсті.

Басқарма жүзеге асыратын бақылау шаралары ағымдағы жылы тауарларды заңсыз өткізу фактілерін анықтауға мүмкіндік берді.

Мәселен, 2023 жылдың басынан бастап әкетуге тыйым салынған тауарлары бар 14 автокөлік құралын өткізу тоқтатылды, сондай-ақ 138 факт бойынша әскери және қос мақсаттағы тауарларды әкелу мен әкету тоқтатылды.

Автокөлік өткізу пунктінде көлік құралының бұрылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлардың тізбесі «Ерекше тауарларды бақылау туралы» Заңмен регламенттелгенін және атаулар тізбесі бар ерекше тауарлардың бақылау тізімін қамтитынын еске саламыз.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қызметіне араласуды барынша азайту мақсатында ЕАЭО мемлекеттері арасындағы өткізу пункттеріндегі бақылау нысандары тек құжаттық сипатта болады және тасымалданатын тауардың тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексеруге негізделген.

Ағымдағы жылы экспорттық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша әкетуге шектелген тауарларға қатысты 12 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді және ықтимал жою үшін 24 ұсынымдар әзірленді, автокөлік өткізу пункттерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін күшейту және болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Солтүстік Қазақстан облысының автокөлік өткізу пункттерінде функционалдық қызметті жүзеге асыратын басқарма қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер болған жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сенім телефонына 8(715-2) 46-49-10, сондай-ақ 8 (715-2) 46-36-25 нөміріне жүгінуге болады.

 

Дата публикации
08 января 2024
Дата обновления
08 января 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы