Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖҚ) ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен тауарлардың әртүрлі санаттарына ТІЖҚ ресімдеу көзделген.
Мәселен, «А» бөлімінің 11-тармағына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарлар айналымы кезінде «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қос мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша деректер» СТН G10-бөлімінде белгі қойылады.
Әрі қарай, бөлімді толтыру кезінде лицензия бойынша мәліметтерді G10.4 «Құжат нөмірі», G10.5 «Берілген күні», G10.6 «Аяқталған күні» жолдарында тиісті деректерді көрсете отырып, «Экспорттық бақылау» - «Рұқсат беру құжаттары» мәзіріне енгізу қажет.
Егер импортталатын / экспортталатын тауарға тауарларды экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу (жатқызбау) туралы уәкілетті органның қорытындысы берілсе, осы мәзірде мәліметтер толтырылмайды. Бұл ретте қорытындының нөмірі мен күні бойынша мәліметтер G10 бөліміндегі 19 «Қосымша ақпарат» жолына енгізіледі.
Сыртқы экономикалық қызмет тауарының коды бойынша тауарды экспорттық бақылау тауарларына жатқызу жөніндегі ақпаратты «Виртуалды қойманың жаһандық анықтамалығы» (қысқартылған – ВҚЖА) қойындысының «Анықтамалықтар» бөлімінен алуға болады.
Толық нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/Нұсқаулық сілтемесі бойынша қолжетімді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының қызметкерлерінен 8-(715-2) 46-36-25 телефон нөмірі арқылы түсініктеме алуға болады.