Сонымен қатар, бұл талапты ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орындауға міндетті.
Бұл ретте, iрi салық төлеушiлер мониторингiне жататын салық төлеушi осындай хабарлама тапсырылған (алған) күннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
Ұсынылған түсініктемемен келіспеген жағдайда уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторинг жүргізетін осындай салық төлеушіні қосымша құжаттар мен түсініктемелерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылауға шақыруға құқылы.
Мониторинг нәтижелерін қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган жазбаша нысанда дәлелді шешім қабылдайды, ол берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушіге жіберіледі.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші шешіммен келісу туралы хабарламаны оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде табыс етеді.