ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының қызметкерлері 2020ж. 2023 ж. 1 жартыжыл ішінде ЕАЭО– ға мүше елдердің аумағынан тауарлардың импорты мен экспорты саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарды анықтау бойынша елеулі жұмыс жүргізді.
Мәселен, «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 272-бабында көзделген салық есептілігін ұсынбағаны, салық есептілігінде толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін 1 253 528 теңге айыппұлдардың жалпы сомасына 199 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2023 жылғы 1 жартыжылдықта 18 салық төлеуші айыппұл сомасы 207 000 теңге.
Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзғаны, сондай-ақ Тізбеге енгізілген тауарлардың өткізілуін есепке алу жүйесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 280-1-бабында жауапкершілік көзделген. 2020 жылға – 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 56 заңды тұлға мен жеке кәсіпкер тартылды, жалпы сомасы 1 277 700 теңгеге айыппұл салынды.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбағаны не уақтылы ұсынбағаны, атауының сәйкес келмегені, тауарларға ілеспе жүкқұжаттағы тауарлар санының (көлемінің) дұрыс көрсетілмегені үшін (ҚР ӘҚБтК 283-1-бабы) 2023 жылдың 1 жартыжылдығында ғана 28 салық төлеуші тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 931 500 теңгені құрады. Кодекстің осы бабын қолдану 2023 жылдың сәуірінен бастап, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу міндеттілігі енгізілген кезден басталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 287-бабында «Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамағаны, сондай-ақ адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамағаны» үшін айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделген. Кодекстің осы бабы бойынша ең көп құқық бұзушылық анықталды, 3,5 жыл ішінде 1114 заңды тұлға мен жеке кәсіпкер тартылды. Айыппұл санкцияларының сомасы 41 393 090 теңгені құрады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын 183 адам мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауға жол берді, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 288-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады. Айыппұл жалпы сомасы 480 405 теңгені құрады.
Көрсетілген уақыт кезеңінде тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілері анықталды (ҚР ӘҚБтК 463-бабы). Сот тексеру материалдарын қарады, 38 жеке тұлға жауапқа тартылды, оларға 1 520 958 теңге төлеуге ұсынылды.
«Жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу» 571-бабы және «тасымалдаушының автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауар-көлік жүкқұжатын ұсынбауы» 571-1-бабы бойынша жалпы сомасы 1 606 700 теңге айыппұл санкцияларын төлей отырып, 70 адам тартылды.
Бұл ретте, 2023 жылы алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда салық заңнамасын және тауарлардың импорты мен экспорты саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді бұзу санының айтарлықтай төмендеуі байқалады.
Тартылған адамдардың жалпы саны 2020 жылы – 793 адам, айыппұл сомасы 21 257 978 теңге, 2021 жылы – 13 151 441 теңгеге 426 адам, 2022 жылы – 8 767 337 теңгеге 315 салық төлеуші, ал 2023 жылдың 1 жартыжылдығында – 5 287 125 теңгеге 154 төлеуші.
Бұл фактілер облыс халқы арасында басқарма қызметкерлері жүргізетін қолданыстағы заңнама бойынша көлемді түсіндіру жұмыстары туралы куәландырады.