2023 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша МКК құзыретіндегі жоспар-болжам бюджеттің барлық деңгейлері бойынша орындалды.
Мемлекеттік бюджет жоспары 105,3%-ға орындалды (жоспар бойынша 54,1 млрд.теңге, фактісі – 57,0 млрд.теңге). Қарқыны 123,9% немесе 11,0 млрд.теңгеге артық.
Жергілікті бюджет 107,8%-ға немесе 2,5 млрд.теңгеге артық орындалды, жоспар бойынша 32,2 млрд.теңге, 34,7 млрд.теңге түсті. Қарқыны 125,7% (+7,1 млрд.теңге).
Республикалық бюджет 101,6%-ға (+0,3 млрд.теңге) орындалды. Жоспар бойынша 21,9 млрд.теңге, 22,2 млрд.теңге түсті, қарқыны 121,2% немесе 3,9 млрд.теңгеге артық, оның ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша орындау 151,3% құрады, жоспардан тыс 1,5 млрд.теңге түсті. Қарқыны 277,6% (+2,8 млрд.теңге).
2459,8 млн.теңге ставка бойынша «0» ҚҚС қайтарылды, өткен жылғы деңгейден 1313,6 млн.теңгеге артық, қарқыны 214,6% (2022 жылғы 4 айда 1146,2 млн.теңге қайтарылды).
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымында ең көп үлес салмағын мынадай төлемдер алады:
ІТТ-ға ҚҚС -38,1% немесе 8468,5 млн.теңге;
ЕАЭО – дан импортқа ҚҚС-32,1% немесе 7131,2 млн.теңге;
Үшінші елдерден импортқа ҚҚС-18,4% немесе 4088,5 млн.теңге;
Республикалық бюджетке КТС – 6,9% немесе 1535,9 млн.теңге;
басқа көздер-4,6% немесе 1013,2 млн.теңге.
Бұл ретте, үшінші елдерден импорт бойынша ҚҚС түсімдерінің үлесі 2 еседен астам өсті (8,1%-дан 18,4%-ға дейін), ал ЕАЭО-дан ҚҚС бойынша үлес 38,5%-дан 32,1%-ға дейін төмендеді. Үшінші елдерден импорт бойынша ҚҚС түсімінің өсу қарқыны 2599,9 млн.теңгеге 274,7% немесе одан көп құрайды.
Түсімдерді ұлғайту үшін қосымша резервтерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2584,0 млн.теңге сомасында қосымша резервтер түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 1869,6 млн. теңге түсті.
Ең көп сомалар есебінен қамтамасыз етілді:
камералдық бақылау-818,2 млн. теңге,
салық аудиті - 276,7 млн. теңге.
Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің өсуін және жоспар-болжамға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс салықтық және кедендік әкімшілендірудің барлық бағыттары бойынша жалғасуда.