Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үйді жалға беру кезінде салық міндеттемелерін орындау туралы

Тұрғын үйді жалға беру кезінде салық міндеттемелерін орындау туралы

         Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылы тұрғын үйді жалға берген тұлғаларға салық міндеттемелерін орындау қажеттілігі туралы еске салады.

         Жеке кәсіпкер (бұдан әрі - ЖК) ретінде тіркелмеген жалға берушілер салық міндеттемелерін бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) төлеу жолымен немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - ЖТС) ұсыну жолымен орындай алады.

         ЖК тұрғын үйді жалға беру кезінде бюджетпен есеп айырысу кезінде патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) пайдалануға құқылы.

Жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығы бойынша декларация

         Тұрғын үйді жалға беретін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс етеді және декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде алынған табыстың 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлейді.

         Жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе cabinet.salyk.kz web-порталында Салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсыра алады.

         Егер тұрғын үй салық агентіне (жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, резидент емес заңды тұлға) жалға берілген жағдайда жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді салық агенті төлем көзінен жүзеге асырады.

 

БЖТ төлеушілер

         Жеке тұлғалар салық міндеттемелерін республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың тұрғындары үшін 1 АЕК және қалған елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК мөлшерінде БЖТ төлеу арқылы орындай алады. Мұндай жеке тұлғалар төлем жүргізілген күннен бастап төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылатын болады. Бұл ретте БЖТ төлеушінің күнтізбелік жыл ішіндегі табыс мөлшері 1 175 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс.

Салық есептілігін мерзімінде ұсынбағаны үшін жауапкершілік

         «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272 және 275-баптарына сәйкес салық есептілігін ұсынбау, сондай-ақ салық салу объектілерін және салық есептілігінде көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру әкімшілік жазаға, оның ішінде ақшалай айыппұл түрінде өндіріп алуға әкеп соғады.

 

Дата публикации
27 марта 2023
Дата обновления
27 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы