Қосылған құн салығы бойынша өзгерістер
01.01.2023ж.
Мемлекеттік кірістер органының шешімі негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару бөлігінде
ҚҚС төлеушінің ойын бизнесі бойынша салық есептілігін табыс етпеуі, салық төлеушіні хабардар етпей ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін негіз болып табылатындығын көздейтін Салық кодексінің 85-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына өзгеріс енгізілді (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде ұсынылатын декларациялар тізбесін қысқартуды көздейтін Салық кодексінің 85, 209 және 424-баптарына өзгерістер енгізілді (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі). ҚҚС бойынша тарату декларациясын ұсыну жөніндегі міндет қолданылатын салық төлеушілердің тізбесінен мемлекеттік кірістер органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған адамдар (қойылған күнінен бастап) алынып тасталды.
ҚҚС бойынша нақтылайтын түзетулер
кепіл мүлкі кепіл ұстаушының меншігіне айналысқа түскен кезде ҚҚС есептеу мақсаттары үшін айналым мөлшеріне ҚҚС сомасы енгізілмейтінін нақтылауды көздейтін Салық кодексінің 381-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 410-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Редакцияны нақтылау, Салық кодексінің 243-бабы 9-тармағының мақсаттары үшін казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде есепке жатқызуға рұқсат етілмеген ҚҚС сомасы есепке алынбайды.
ҚҚС-тан босату
Салық кодексінің 394-бабында: 48) тармақшаға өзгерістер енгізілді, мынадай тауарларды өткізу жөніндегі айналымдарды ҚҚС-тан босатуды көздейтін 51), 52) және 53) тармақшалармен толықтырылды:
- тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылатын заңды тұлға (дилер) өткізетін тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары (2023 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды);
- Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын зергерлік және басқа да бұйымдар өндірісі субъектілеріне бағалы металдар өндірісі субъектілерінің тазартылған алтыны және (немесе) күмісі;
- тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың компоненттері белгілі бір шарттарды сақтай отырып (2023 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).
ҚҚС бойынша қосымша есепке жатқызу бойынша
ҚҚС бойынша қосымша есепке алу жөніндегі ережелерді қолданатын адамдар тобын кеңейтуді көздейтін Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына толықтыру енгізілілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):
кәсіптік балық аулау;
ашытқы өндірісі;
салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қант кондитерлік өнімдерін, печенье және ұн кондитерлік бұйымдарын өндіру;
қант өндірісі.
ЭШФ үзінді көшірмесі бойынша
Салық кодексінің 412-бабында: 1-тармақтың бірінші бөлігі 10) және 11) тармақшалармен толықтырылды, 7-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасына, 14-тармақтың бірінші бөлігіне өзгерістер енгізілді; Салық кодексінің 413-бабында мыналарды көздейтін 2-тармаққа өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):
- егер өнім беруші Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ЭШФ жазбауға құқылы болса, сатып алушының талабы бойынша ЭШФ жазып беру мерзімдері (3 немесе 5 жылдан 180 күнтізбелік күнге дейін) қысқартылды;
-сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (МТИ 29.06.2021 ж. №433-НК бұйрығы) және кеден дела саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, Кеден тасымалдаушылары, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелері) ЭШФ жазып беруі бойынша міндет енгізілді.
ҚҚС әкімшілендіру бойынша
халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанар-жағармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын сататын бизнес субъектілеріне тең жағдай жасау мақсатында «жерүсті қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілермен» бизнес субъектілерін кеңейтуді көздейтін Салық кодексінің 388-бабына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
Салық кодексінің 429-бабының 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін экспорттаушыларға ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімдерін күнтізбелік жүз елу бес күннен жетпіс бес жұмыс күніне дейін қысқартуды көздейтін Салық кодексінің 431-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
Өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін есепті салық кезеңінде қалыптасқан ҚҚС асып кетуін қайтару және тұрақты және тұрақты емес өткізу шарттарына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтару сомасын нақтылау бөлігінде Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағына нақтылаушы түзетулер енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Лотерея қызметіне ҚҚС салу бойынша
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін лотерея операторы лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды өткізген кезде айналым мөлшері өткізілген лотерея билеттерінің, түбіртектердің және өзге де құжаттардың құны мен лотереяға қатысушыларға төленген ұтыстар, сондай-ақ салықтық емес төлем түрінде бюджетке есептелуге жататын талап етілмеген ұтыстар арасындағы оң айырмашылық мөлшерде айқындалатынын көздейтін жаңа 57-13-баппен толықтырылды.