ҚР 30.12.2022 ж. №177-VII ЗРК «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2023 жылғы 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) заңымен республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінен заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік бажды алып тастау туралы Бюджет Кодексінің 49-тармағына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
- жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж;
-жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
-ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақтаудағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (түпнұсқаларын) бергені үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мемлекеттік баж;
- нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелерін (түпнұсқаларын) бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
- зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
- мемлекеттік мекемелерге сотқа берілетін талап арыздардан мемлекеттік баж;
- жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және оның түпнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж.
Осылайша, республикалық бюджетке БСК 108125 Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж алынады.
Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, республикалық бюджетке есептелетін консулдық алым мен мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне 108126 БСК-ға түсетін салық түсімдері болып табылады.