Меню

Страницы

Статья

І, ІІ, ІІІ санаттар операторлары болып анықталған заңды тұлғалардың құралымдық бөлмелерінің жылжымалы объектлер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеу мәселесі

Қазақстан Республикасы Азамат кодексінің (бұдан әрі – Азамат кодексі) 33-бабы 1-тармағына сәйкес меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

Азамат кодексінің 44-бабы 1-тармағы мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың құрылтайшысы қаржыландыратын арнайы қаржы компанияларынан, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.

Азамат кодексінің  43-бабы 3-тармағына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Оларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлік бөліп береді және олар оның бекiткен ережелері негiзiнде әрекет етеді.

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі) 12-бабы 6-тармағына сәйкес объектінің операторы деп меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі.

Экология кодексінің 88-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган экологиялық рұқсаттарды беру рәсімі шеңберінде, сондай-ақ кешенді экологиялық рұқсаттарды қайта қарау рәсімі шеңберінде I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына қатысты ұйымдастырады және жүргізеді.

Экология кодексінің 27-бабы 1-тарағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 Қаулысының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

Осыған орай, Азамат және Экология кодекстерінде филиалдарға жеке тұлғадан бөлек әртүрлі санаттарды беруі қарастырылмаған.

Яғни, егер құрылымдық бөлемдерде уәкілеттік органдардан кез келген санаттқа жататын растау құжаттары жоқ болған жағдайда, олар заңды тұлғалардың санаттарында болып саналынады.  

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексітің (Салық кодекс) 574-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) төлеушілер болып табылады.

Салық кодекстің 576-бабында төлемақының төлеушілер болып табылғандарға төлемақы мөлшерлемелері, ал Салық кодекстің 576-бабы 4-тармағында төлеушілер жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілген.

Салық кодекстің 574-бабы 2-тармағында заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясының көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Аталмыш негізінде, уәкілеттік органдарынан басқа санаттарға жататын дәлелдемеген, І, ІІ, ІІІ санаттар операторлары болып анықталған заңды тұлғалардың құралымдық бөлмелерінің жылжымалы объектлер бойынша төлемақы төлеуші болып табылады.

Дата публикации
27 марта 2023
Дата обновления
27 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
2026 жылғы 9 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат
Талдамалық мақала
15 октября 2026
2026 жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын орындаудың қысқаша қорытындылары
Ақпарат
23 сентября 2026
Салыстырмалы бақылау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы