Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылған кезде Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдері алдында кедендік әкелу баждарының төмендетілген ставкалары қолданылған тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына осындай тауарларды әкетуге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауға міндеттеме алды.
2020 жылғы 29 мамырда ратификацияланған және 2021 жылғы 3 ақпанда күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымын қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тиіс.
Салық Кодексінің 176-1-бабына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымының қадағалануы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымының қадағалануы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес қадағалануға жататын тауарларды есепке алу жүйесін және осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды ұйымдастыру жолымен, ұлттық қадағалану жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тауарларды қадағалау тетігінің жұмыс істеу қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 бұйрығымен бекітілген.
Ұлттық қадағалау жүйесі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қадағалауға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді жинауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) болып табылады.
Қадағалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер ЭШФ АЖ арқылы ресімделген ТАІЖ негізінде жазып беруге тиіс. Мұндай ЭШФ болмаған кезде мұндай тауарларды өткізуге жол берілмейді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген (ЕЭК Кеңесінің шешіміне қосымша).
2023 жылғы 1 сәуірден бастап бақылау субъектілері жататын тауарлар бойынша ТАІЖ ресімдеу көзделеді.
Пилоттық жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) 11 коды енгізілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілер үшін баспасөз релизін шығарды, оған сәйкес ТАІЖ-ны міндетті ресімдеу жөніндегі бұйрықтың жобасы тек мынадай санаттарда ғана дайындалды:
- 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап ЕАЭО-дан тауарлардың жекелеген түрлері (астық)бойынша экспорт және импорт;
- 2023 жылғы 01 сәуірден бастап акцизделетін тауарлар (алкоголь өнімі, мұнай өнімдері, темекі өнімдері) бойынша, қадағалауға жататын тауарлардың 11 түрі бойынша (СЭҚТН кодтары бойынша тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар 8418102001, 8418108001, 841821000, 8418215100, 8418215900, 8418219100, 8418219900, 8418302001, 8418308001, 8418402001, 8418408001) келісімге сәйкес ЕАЭО шеңберіндегі тауарлардың барлық түрлерін бақылау тетігі, сондай-ақ экспорттау және импорттау туралы.
ТАІЖ міндетті ресімдеу күшіне енген кезде ТАІЖ ұсынбағаны және ТАІЖ -дағы мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТАІЖ ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы, атауының сәйкес келмеуі, ТАІЖ -да тауарлар санының (көлемінің) дұрыс көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.