Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі - шешім) орындалмаған деп тану туралы шешім шығарады және оны салық төлеушіге мынадай тәсілдердің бірімен жібереді:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
2) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе "электрондық үкімет"веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне;
3) оны салық төлеушіге қол қойғызып тапсырады.
Бұл ретте, шешім салық төлеушіге мынадай жағдайларда тапсырылды деп есептеледі:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап.
2) электрондық тәсілмен:
салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап.
шешімді пайдаланушының жеке кабинетіне "электрондық үкімет" веб-порталында жеткізген күннен бастап.
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-оны келу тәртібімен алған күннен бастап жүзеге асырылады.
Шешімге шағымдануды салық төлеуші оны жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа тапсырған (алған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Бұл ретте шағымның көшірмесін салық төлеуші шешімді жіберген салық органына жіберуге тиіс.