«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидатты іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның ШЕШІМІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы (2025ж.21.04. дейін уақытша негізгі кызметшінің бала күту жөніндегі демалыс кезеңіне), санаты С-О-5, 1 бірлік;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы (2024ж.27.04. дейін уақытша негізгі кызметшінің бала күту жөніндегі демалыс кезеңіне), санаты С-R-4, 1 бірлік;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (2026ж.11.04. дейін уақытша негізгі кызметшінің бала күту жөніндегі демалыс кезеңіне), санаты С-R-4, 1 бірлік.
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидатты іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2023 жылғы 30.11. №1 хаттамасына сәйкес, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға өтініштердің болмауына байланысты конкурс сәтсіз деп танылсын.