Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
2021 жылға арналған жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 569-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: