GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері
22 октября 2026
21.10.2026 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақ» кеден бекетінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.

21.10.2026 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақ» кеден бекетінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар мен қызметтік этика ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қоғам тарапынан сын ескертпелерге жол бермеуге және әдеп ережелерін қатаң сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға және сақтауға шақырды.

Отырыс барысында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықпен күресу жағдайын атап өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жасады.

Отырыс барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы бойынша өзге де мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында салық органдарының қызметкерлеріне әдеп кодексі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар мен нұсқаулар беріліп ескертулер жасалды.

19 октября 2026
Мүдделер қақтығысының алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды бағыты
Кедендік әкімшілендіру
Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру
15 октября 2026
Қандай жағдайларда жеке тұлға жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сату кезінде құн өсімінен кіріс алады

Сіздің жағдайыңыз:
Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын, оның ішінде сыйға тарту немесе мұрагерлік тәртіппен алынған мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін кірісі қандай жағдайларда пайда болады? Мұндай кіріс қалай анықталады, қандай салық (ЖТС) төленеді, оны төлеу мерзімі мен тәртібі қандай, декларация қайда тапсырылады және қай мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет?

 Қалай түзетуге болады
Жылжымайтын мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мүлікті иеленудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін сатылған жағдайда немесе иелену мерзіміне қарамастан салық салынатын мүлікке жатқызылған жағдайда туындайды.

2026 жылдан бастап:
• тұрғын үй, саяжай, гараж, автотұрақ, қойма және т.б. – егер меншік құқығы 01.01.2026 жылдан кейін тіркелсе, 2 жылдан аз уақыт иеленген жағдайда;
• егер меншік құқығы 01.01.2026 жылға дейін тіркелсе – 1 жылдан аз уақыт иеленген жағдайда;
• жеке тұрғын үй құрылысына, саяжай құрылысына, жеке қосалқы шаруашылыққа, гаражға, автотұраққа арналған жер учаскелері – 2 жылдан аз уақыт иеленген жағдайда;
• өзге жылжымайтын мүлік – иелену мерзіміне қарамастан;
• Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлік – иелену мерзіміне қарамастан.Кіріс – сату бағасы мен бастапқы құн арасындағы оң айырма болып табылады.

Автомобиль бойынша кірісҚазақстанда тіркелген көлік құралы 1 жылдан азуақыт иеленілген жағдайда туындайды. Шетелде тіркелген көлік құралдары, сондай-ақ әуе және теңіз кемелері және т.б. бойынша – иелену мерзіміне қарамастан.

ЖТС: 8 500 АЕК-ке дейінгі кіріске – 10%; 8 500 АЕК-тен асқан жағдайда – 8 500 АЕК-ке есептелген салық + асатын соманың 15%.
Кіріс туындаған жағдайда жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны 270.00 нысан келесі жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырады және ЖТС-ты осы мерзімнен кейінгі күнтізбелік 10 күн ішінде төлейді.

Декларация тапсыру және ЖТС төлеу тұрғылықты (болатын) жері бойынша жүзеге асырылады.

Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру
15 октября 2026
Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу

Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алуды салық органы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегі өтелмеген кезде жүзеге асырады.

Жеке тұлғаның салықтық берешегі деп кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы жүзеге асыруға байланысты емес салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі де түсініледі.

Салық органы жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.

Салық бұйрығын орындау мерзімі табыс етілген күнінен кейінгі бес жұмыс күнін құрайды.

Жеке тұлға салық бұйрығын орындамаған кезде салық органы Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін салық бұйрығын аумақтылығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

Салық бұйрығының күші:

* жеке тұлға салықтық берешегін өтеген;
* салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған;
* жеке тұлғаға қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі немесе сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылған жағдайларда жойылады.

11 сентября 2026
ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде ҚКС туралы не білу қажет?

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде қосылған құн салығының (ҚҚС) нөлдік ставкасын қолдану ережелері.

Салық кодексінің 520-бабына сәйкес, тауарларды Қазақстан аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына шығару кезінде салық салудың ерекше тәртібі қолданылады.

Негізгі ережелер:
Нөлдік ставка (0%): Қазақстан Республикасынан ЕАЭО елдеріне тауарларды экспорттау кезінде ҚҚС-тың 0% ставкасы қолданылады.
Есепке жатқызу құқығы: Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, ҚҚС төлеуші Салық кодексінің 49-тарауына сәйкес ҚҚС-ты есепке жатқызуға құқылы.

0% ставкасы қандайжағдайларда қолданылады?

Тікелей экспорт: Тауарларды ЕАЭО бойынша серіктестерге стандартты сату.
Тауарларды дайындау: ҚР аумағында оларды дайындау жөніндегі шарттар бойынша орындалған жұмыстардың нәтижесі болып табылатын тауарларды шығару (бұл ретте алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар нәтижесіндегі тауарлар жатпайды).
Лизинг жене қарыздар: Меншік құқығы өтетін лизинг шарттары бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) шығару, сондай-ақ заттай нысандағы қарыз беру шарттары.
Маңызды: Нөлдік ставканы растау үшін құжаттардың толық пакеті (тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, көлік құжаттары және т.б.) болуы тиіс.

11 сентября 2026
Бизнес өкілдері мен мемлекеттік кірістер органдарының кездесуінде «КЕДЕН» жүйесіндегі жұмыс, тауарларды шығару мерзімдері, кедендік құнды айқындау және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

28 тамызда «Шымкент-КРО» кеден бекетінде Шымкент қаласы бойынша МКД басшысыныңорынбасары
Е.М. Өзбеков және кеден өкілдерінің қатысуымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Негізгі тақырыптардың бірі "КЕДЕН" ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу болды. Бизнес өкілдеріне жүйедегі жұмыстың практикалық аспектілері, кедендік операцияларды жасау тәртібі және құжаттарды ресімдеу ерекшеліктері түсіндірілді.

Қатысушылар тауарларға арналған декларацияның 31-бағанын толтыру, ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы, сондай-ақ тауарларды шығару мерзімдерін сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 119-бабының талаптарына да ерекше назар аударылды. Аталған бапқа сәйкес, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, кеден декларациясы тіркелген сәттен бастап тауарлар төрт сағат ішінде шығарылуға тиіс.

Кездесу барысында СЭҚ қатысушылары үшін маңызды өзге де мәселелер қаралды, атап айтқанда: зияткерлік меншік объектілерін кедендік бақылау, кедендік құнды айқындау, тауарларды жіктеу, сондай-ақ уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуге қойылатын талаптар.
Сонымен қатар, қатысушыларға халықаралық тасымалдау көлік құралдарына тауарларды кедендік пломбалар мен мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәліктерді беру тәртібі түсіндірілді.
Кездесу ашық әрі сындарлы диалог форматында өтті. Бизнес өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, практикалық мәселелерді талқылауға және кедендік рәсімдерге қатысты қажетті түсініктемелер алуға мүмкіндікалды.

 

12 августа 2026
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы»

Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде мемлекеттің құқықтық саясатын ізгілендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдары рақымшылық жасау туралы заңның қолданылу аясына жататын тұлғаларға қатысты әкімшілік жазалардың орындалуын тоқтатып, әкімшілік айыппұлдарды есептен шығарды.

Нәтижесінде 993 әкімшілік іс бойынша жазаларды орындау тоқтатылды, ал есептен шығарылған айыппұлдар сомасы 81,7 млн теңгені құрады.

Бұл шара конституциялық реформаның практикалық нәтижелерінің біріне айналды және құқықтық салада әділ және ізгілікті тәсілді қолдануға бағытталған.

07 июля 2026
📣 8 шілде күні сағат 10:30-да Шымкент қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлының Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

📣 8 шілде күні сағат 10:30-да Шымкент қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлының Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

📌 Өтетін орны мен анықтама телефоны постта көрсетілген.

30 июня 2026
Құрметті салық төлеушілер!

30 маусым күні «Халық бухгалтері» республикалық акциясы өз жұмысын аяқтайды.

Акция аясында сіз салық заңнамасы, есептілікті тапсыру, салықтарды есептеу мен төлеу, электрондық қызметтерді пайдалану және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша тегін консультация ала аласыз.

Кеңес беру уақыты: сағат 10:00–13:00.

Мекенжайлар:
• Абай ауданы бойынша МКБ – Театр көшесі, 33;
• Еңбекші ауданы бойынша МКБ – Байтұрсынов көшесі, 68;
• Қаратау ауданы бойынша МКБ – Арғынбеков көшесі, 89А.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Кедендік әкімшілендіру
30 июня 2026
29.06.2026 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

29.06.2026 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын қолдану тәжірибесіне қатысты қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылды.

Кездесу барысында көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнама шеңберінде пысықталып, олар бойынша тиісті жұмыстар жалғастырылатын болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы