Меню

Страницы

Статья

Кредиторлардың талаптарын мәлімдеу туралы

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 1 бабының 22 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.  

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 90-бабының 1-тармағына сәйкес, кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру мақсатында уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса – тағайындалған күнінен бастап уәкілетті органға банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органның www.shymkent.kgd.gov.kz    интернет-ресурсына орналастырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі  «Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы» № 762 Қаулысына сәйкес,  кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.

Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Кредиторлар талаптарының негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы. 

Уақытша басқарушы таныған кредиторлардың талаптары тізілімге енгізіледі. Ал белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптары танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

 

 

                                                                                              

Дата публикации
16 мая 2022
Дата обновления
16 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы