Меню

Страницы

Статья

Көпжақты конвенция

Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салудан шығаруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенция - бұл BEPS жобасының ұсынымдарын ескере отырып, бір мезгілде қосарланған салық салуды болдырмау туралы барлық екіжақты келісімдерге өзгерістер енгізетін халықаралық шарт. BEPS (Base erosion and profit shifting) жобасы - бұл ЭЫДҰ Үлкен жиырмалық елдерімен (G20) бірлесіп әзірлеген салық салынатын базаны бүркемелеуге және пайданы салық салудан шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспары. BEPS жобасында 15 стандартты имплементациялау көзделген, оның 5-уі, оның ішінде көпжақты конвенцияға қосылу барлық елдерде қолдануға міндетті болып табылады.

Көпжақты конвенция 2016 жылғы 24 қарашада Париж қаласында қабылданды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ратификацияланды. Төлем көзінен салық салу жөніндегі көпжақты Конвенцияның қолданылу күні - 01.01.2021 ж., өзге салықтар – 01.04.2021 ж. 01.01.2021 ж. бастап Қазақстан Республикасы ратификациялаған қосарланған салық салуды болдырмау туралы 55 Келісімнің 22-іне өзгерістер енгізілді.

 

01.01.2021 ж. бастап MLI-мен келісімдер өзгертілген ҚР серіктес елдерінің тізімі

1.Бельгия

2.Канада

3.Финляндия

4.Франция

5.Үндістан

6.Ирландия

7.Жапония

8.Латвия

9.Литва

10.Люксембург

11.Польша

12.Ресей Федерациясы

13.Сауд Арабиясы

14.Сербия

15.Сингапур

16.Словак Республикасы

17.Словения

18.Украина

19.БАӘ

20.Ұлыбритания

21.Корея

  1. Нидерланды
Дата публикации
07 апреля 2022
Дата обновления
07 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы