Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеуі бойынша

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Салық кодексіне сәйкес, 2021 жылдың көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 2022 жылдың  1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі керек екенін еске салады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасында тіркелген және есепте тұрған тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.

Салық төлеуші Салық кодексінің 492 бабына сәйкес салық салу объектісіне салық ставкаларын қолдану жолымен салық кезеңі  үшін салық сомасын дербес есептейді.

Назар аударамыз, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz порталының электронды сервистер бөлімінде салықты есептеу калькуляторы орналастырылған, салық кезеңі, көлік құралы қозғалтқышының түрі мен көлемі  туралы деректерді енгізу қажет,  электрондық сервис тиесілі соманы өзі есептейді.

E-SalykAzamat мобильді қосымшасында (PlayMarket AppStore арқылы жүктеу) салықты есептеу электрондық сервис орналастырылған.

2021 жылға арналған көлік салығын есептеу үшін 2021 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болған АЕК қолданылады, яғни 2917 теңге.

Салықты уақытылы және толық көлемде төлеуге шақырамыз.

 

                                                     Шымкент қаласы бойынша

                                                     МКБ Түсіндіру жұмыс басқармасы

 

 

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы