Меню

Страницы

Статья

«Әуежай - Шымкент» кеден бекеті

        

Шымкент қаласы бойынша Мелекеттік кірістер департаментінің «Әуежай - Шымкент» кеден бекеті шекаралық өткізу пункті болып табылады. Кеден бекетінің негізгі қызмет көрсету бағыты Еуразиялық экономикалық одағының аумағына халықаралық әуерейстерімен келіп, кететін жолаушылар мен жүктеріне және интернет дүкендерден тапсырыс беріп келетін тауарларға кедендік бақылауды жүргізу. Кедендік бақылау «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексі, Кеден одағы комиссиясының шешімдері, Еуразиялық экономикалық одағы комиссиясының шешімдері, ҚР Қаржы министрінің бұйрықтары негізінде жүргізіледі. 

Кеден бекетінің жеке құрамы 2021 жылдың 11 айында 480 халықаралық әуе рейстерінен (Түркия мелекеті: Стамбул, Анталья қалалары, Египет, БАӘ: Дубай, Рас – Эль – Хайм қалалары, Грузия мемлекеті және басқа да мемлекеттерден келетін чартерлік әуе рейстері) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткен 65 422 жолаушыларға кедендік бақылау жүргізген. Кедендік бақылау жүргізу барысында контрабандалық тауарлардың алдын алу, жолын кесу мақсатында,  кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану арқылы кеден заңнамаларын бұзғандығы үшін жеке тұлғаларға 17 әкімшілік іс қозғалып, 422 965 тг. айыппұл салынып, толық өндірілген.

Сонымен қатар, «Әуежай - Шымкент» кеден бекетінде 2021 жылдың 11 айында 95 тауарларға арналған декларациялар рәсімделген. Бұдан республикалық бюджетке 79 930 864 тг. кедендік төлемдер мен салықтар өндірілген. Сондай-ақ, халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы келген тауарларға 258 кедендік кіріс ордерлері рәсімделіп, 3 110 026 тг. кедендік төлемдер мен салықтар өндірілген. Қазіргі таңдағы цифрландыру кезеңіне сәйкес, аталған рәсімдеулер «Астана - 1» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Рәсімдеулердің «Астана - 1» ақпараттық жүйесіне көшуі өз кезегінде, қызметкерлердің жұмыс істеуін оңтайландырып, қосымша жұмыс күшін азайтқан және тиімді саналады.

  

«Әуежай - Шымкент»

кеден бекетінің басшысы         

Т. Ыдырыс

                                                  

        

 

 

 

 

Дата публикации
20 декабря 2021
Дата обновления
20 декабря 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы