Меню

Страницы

Статья

Салық кодексіне 24.06.2021 ж. № 53-VII ҚР Заңымен енгізілген өзгерістер

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және "мақта саласын дамыту туралы"Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты түзетулер көзделген.КТС бойынша салық салынатын кірісті азайту салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

-Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің КТС бойынша салық салынатын табысты мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар немесе қорғаншылар, зейнеткерлер, жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйлерінің түлектері, босатылғаннан кейін он екі ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қандастар болып табылатын жұмыскерлерді кәсібі бойынша оқытуға, кәсіптік біліктілігін арттыруға немесе кәсібі бойынша қайта даярлауға жұмсалған шығыстар мөлшерінде азайтуы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңі үшін бір қызметкерге тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болады.

- ҚҚС бойынша қосымша есепке алуды қолдану (70%) жаңа өндірістік компаниялар үшін өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын (өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында жоқ не алкогольдік ішімдіктер өндіруді қоспағанда, Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын) тауарларды өткізу кезінде қосымша есепке алуды қолдану құқығы (70%) көзделген, Салық кодексінің 411-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі..

- "Qyzyljar" АЭА импортына ҚҚС-тан босатуды тарату өзгерістер енгізу салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы және 451 және 451-баптарының 2-тармағының 4) тармақшасы отандық аграршылардың еңбек өнімділігін 2 есеге арттыруға және 12% - ға арзандатуға байланысты ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

- Бағалардың ең  төменгі деңгейін қолдану (МУО) МУО сауда саясатының жаңа құралы ҚР сауда және интеграция министрлігі белгілейтін тізбе бойынша импортталған тауарлар бойынша ҚҚС есептеу кезінде құнды белгілеу үшін енгізілді. Барысында    ЕАЭО елдерінен тасымалданатын жүктердің мониторингін мемлекеттік кірістер органдары көптеген бұзушылықтарды, оның ішінде әкелінетін тауарлардың құнын төмендетуді анықтайды. Барлық осы фактілер салық базасының төмендеуіне байланысты ҚҚС жоғалуына әкеліп соғады және адал кәсіпкерлер мен өндірушілердің тең емес бәсекелестік жағдайларына әкеледі. ЕАЭО елдерінен белгілі бір тауарларға бағалардың ең төменгі деңгейін енгізу әкелінетін тауарлардың құнын төмендету фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады және өзекті салық салынатын базадан ҚҚС алуға мүмкіндік береді. Мұндай шара отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қорғауға бағытталған. Сондай-ақ бұл қазақстандық экспортты кемсітетін елдерге қатысты айна шараларын қолдану мүмкіндігі Салық кодексінің 444-бабының 2-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
25 ноября 2021
Дата обновления
25 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы