Меню

Страницы

Статья

Аударымдар мен жарналарды есептеу және аудару мерзімдері туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңының 27 және 28-баптарына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің жалдамалы жұмыскерлер үшін Қорға төленуге жататын аударымдарының мөлшері аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызын (есептеу объектісі – жалақы, бірақ 10 ЕТЖЖ - дан аспайды), дара кәсіпкерлер жарналарының мөлшері жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызын (есептеу объектісі - 1,4 ЕТЖ) құрайды.Жұмыскерлердің табысы бойынша МӘМС жарналары- 2%; МӘМС жарналары белсенді емес немесе қызметін тоқтатқандар ЖК өзі үшін-ЕТЖ-дан 5%.

Төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу, ұстап қалу және аудару тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығымен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде регламенттелген.

Қағидалардың 27-тармағына сәйкес есептелген (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:

1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

3) патенттің негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – патент құнын төлеу үшін Салық кодексінің 685-тармағында көзделген мерзімде аударады.

Осылайша, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қызметкерлер үшін есептелген (ұсталған) аударымдарды және (немесе) жарналарды табыс төленген айдан кейінгі айдың 25 – інен кешіктірілмей аударады, яғни егер маусым айындағы кірістер шілде айында төленген болса, МӘМС жарналары мен аударымдары 25 тамызға дейін, егер маусым айындағы кірістер маусым айының соңында төленген болса, онда 25 шілдеге дейін, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз пайдасына маусым айында алынған кірістер үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын 25 шілдеге дейін аударады.

                                                                               Шымкент қаласы бойынша МКД

                                                                               Түсіндіру жұмысы басқармасы

Дата публикации
16 ноября 2021
Дата обновления
16 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы