Меню

Страницы

Статья

Онлайн БКМ қолдану бойынша өткізілген «дөңгелек үстел»

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының және онлайн-БКМ техникалық қызмет көрсетулер орталықтардың  өкілдерімен фискалдық чектерінде, сатылған тауардың немесе көрсетілген қызметтің түрі  көрсетілмеген онлайн-БКМ сәйкестендіру (прошивка) туралы дөңгелек үстел өтті.

            Өз сөзінде мемлекеттік қызмет көрсетулер басқарма басшысының м.а. Ж.Тойбазарова онлайн БКМ пайдалану үшін талартар туралы айта кетті, атап айтқанда Салық кодексінің 166 бабының 6 тармағына сәйкес Бақылау-касса машинасын чегі мынадай ақпаратты қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

      5) чектің реттік нөмірін;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

      8) фискалдық белгіні;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

      10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын және т.б.

            Жиналысты  қорытындылай келе, техникалық қызмет көрсетулер орталықтары   фискалдық чектерінде, сатылған тауардың немесе көрсетілген қызметтің түрі  көрсетілмеген онлайн-ККМ сәйкестендіру (прошивка)  жасалмаған салық төлеушілерге белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

 

Дата публикации
11 ноября 2021
Дата обновления
11 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы