Меню

Страницы

Статья

рейдтік іс шаралар жұмыстары

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновпен бекітілген 2021-2024 жылдар аралығында бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында іс-шара  жоспарына (план мероприятий) және Шымкент қаласы бойынша полиция департаменті және Шымкент қаласының өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға сәйкес, көлік салығы бойынша берешектері бар салық төлеушілерді анықтау бойынша рейдтік іс шаралар жұмыстары жүргізуде.

         Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша берешекті өндіріп алу мақсатында үйме-үй аралау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

         Жалпы Шымкент қаласы бойынша жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешегінің жалпы сомасы 1,2 млрд. тенге, оның ішінде 968 млн. тенге негізгі берешек сома, ал өсімпұл 232 млн. тенге құрайды.

         Мүлік салығы бойынша жалпы берешек сомасы 732 млн.тенге оның ішінде 684 млн.тенге негізгі берешек сома, ал өсімпұл 48 млн.тенге құрайды.

         Борышкерлердің саны 111 109 салық төлеуші, олар бойынша салық бұйрықтары түзіліп, мәжбүрлеп өндіріп алуға атқарушылық іс жүргізу органдарына жолданды (Жеке сот орындаушылар палатасына).

         Сондай-ақ, жеке сот орындаушылар салық бұрығының негізінде банктік шоттарға, жылжымайтын мүлікке тыйым салады, берешегі бар салық төлеушілердің атында тіркелген автокөлік құралдарды айыппұл тұрағына қамайды.

         Сонымен қатар, салық берешегін е-Salyq Azamat мольді қосымша арқылы, Egov портал және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болатындығын хабарлайды.

        

        

        

 

 

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы