Меню

Страницы

Статья

Салық тексерулерін жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу бағытына қатысты

ТБЖ қолданудың бір бағыты камералдық бақылау нәтижелерін қалыптастыру болып табылады.

Салық кодексінің 96-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, келесілер ресімделеді:

тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау жүргізу"Камералдық бақылау жүргізу кезінде Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының іс-қимылын ұйымдастыру тәртібімен" регламенттелген, бұл ҚР ҚМ МКК Төрағасының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №453-пр – МКК бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-тәртіп).

Тәртіптің 6-тармағына сәйкес тізілім Салық Кодексінің 95-бабында белгіленген деректерді салыстыру схемасын, оның ішінде тәуекел дәрежесі бойынша бұзушылықтарды градациялау шарттарын қамтиды.

 

Салық тексерулерін жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу бағытына қатысты

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2-тармағына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығы мен уақтылығы саласында тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.

Салықтық тексеруге іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау орталық деңгейде автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады. Іріктеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен келісілген "Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы №1030 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 қарашадағы №86 Бірлескен бұйрығы (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) негізінде жүргізіледі.

Бірлескен бұйрықтың 7-тармағында салықтық тексеру субъектісінің (объектісінің) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептелетіні бекітілді.

Ашық өлшемшарттар тізімі бірлескен бұйрықта келтірілген және екі объективті және алты субъективті өлшемшарттардан тұрады.

Бірлескен бұйрықтың 8-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша салықтық тексеру субъектісі (объектісі) тәуекелдің екі дәрежесінің біріне жатады: жоғары (ықтималдық көрсеткіші 51% - дан жоғары болған кезде) немесе жоғары емес (көрсеткіш 51% және одан төмен болған кезде).

Осылайша, салық төлеушілерді жалпы санаттау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесі (Салық кодексінің 136-бабы шеңберінде), ЭШФ жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жоба нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесі, камералдық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесі, сондай-ақ салықтық тексеруге іріктеу бойынша тәуекел дәрежесі бірдей болмауы мүмкін, өйткені олар әкімшілендірудің әртүрлі салаларында қолданылады, әртүрлі нормативтік құқықтық базасы және іріктеу көрсеткіштерінің әртүрлі құрамы бар.

 

 

 

Дата публикации
05 ноября 2021
Дата обновления
05 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы