Құрметті салық төлеушілер!
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 02.11.2021 жылғы № 1127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 2 қарашадағы № 24999), тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылғандығын хабарлайды.
Сонымен, Пилоттың мерзімі ұзартылады:
акцизделетін өнімдер, ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан тауарларды әкелу/әкету бойынша, сондай-ақ ЭШФ «Виртуалды қойма» модулі арқылы шығарылуға жататын тауарлар бойынша
(ҚР ҚМ Бұйрығы 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығымен бекітілген)
2022 жылғы 1 сәуірге дейін белгіленеді.
Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында электрондық шот-фактуралар электрондық ақпараттық жүйенің «Виртуалды қойма» модулі арқылы тауарлардың тізбесі құрылыс материалдарына жазып берілетін шот-фактураларына кеңейтіледі. Бұл ретте, осындай тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап алдын-ала Пилотты жүргізумен, негізгі міндеттеме 2022 жылдың1 қарашадан басталады.