Меню

Страницы

Статья

Санаттау бойынша

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - ҚР Салық кодексі) 136-бабының 1-тармағында тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және салық органдары тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтитындығы белгіленген.

Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындау шеңберінде жасаған іс-әрекеттеріне байланысты әртүрлі тәуекелдер туындайды және тәуекелдің сипатына қарай салық органдары тәуекелді бағалаудың әртүрлі әдістерін, оларға ден қою шараларын қолданады.

Салық төлеушілерді санаттау,пилоттық жоба шеңберінде "ЭШФ жазып беруді шектеу", камералдық бақылау нәтижелерін қалыптастыру, сондай-ақ салық тексерулерін жүргізу үшін салық төлеушіні іріктеу- тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) қолданудың жекелеген бағыттары болып табылады. ҚР Салық кодексінің әртүрлі баптарымен регламенттелген және әртүрлі заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге ие.

 

Санаттау бойынша

Санаттарға бөлуҚР Салық кодексінің 136 бабына сәйкес салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тәуекелдің үш (төмен, орташа немесе жоғары) дәрежесінің біріне жатқызу жолымен жүзеге асырылады және «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі- Ереже) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығымен регламенттелген.

Ереженің 11-тармағына сәйкес санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі.

Өлшемшарттар салық төлеушінің тіркеу деректері, ұсынылған салық есептілігі, қаржылық төлем қабілеттілігі көрсеткіштері, салық тәртібін сақтау бойынша қызметінің сипаттамасына негізделген. Санаттау нәтижелері жарты жылда бір рет өзектендіріледі. Салық берешегі және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық өтелмеген жағдайда, тәуекел дәрежесі айына кемінде 1 (бір) рет өзектілендіруге жатады.

Санаттау нәтижелері бойынша берілген тәуекел дәрежесіне қарай салық төлеушінің салық міндеттемелеріне байланысты салықтық әкімшілендірудің келесідей шаралары сараланады:

1) жеке кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату;

2) ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру;

3) салық есептілігін табыс етуді ұзарту, тоқтата тұру;

4)мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету;

5) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу.

Бұл ретте тәуекел дәрежелерібойынша (төмен, орташа, жоғары) шектеуСалық кодексінің 136-бабында жалпы санаттау шеңберінде регламенттелген. Санаттарға бөлу салық төлеушілер ұсынған салық есептілігінің деректерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді (тарихи деректерді) талдау арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Дата публикации
05 ноября 2021
Дата обновления
05 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы