Салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.
Салық қызметі органдарына жүктелген негізгі міндеттердің бірі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Нұсқамада көрсетiлген салық органының лауазымды адамдары және салықтық тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар салықтық тексерулердің басқа нысандары кезiнде – нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi (салық агенті) салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
Салықтық тексерулердің түрлері, мерзімдері, жүргізу кезеңдері мен құжаттау тәртібі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 138 - 164-баптарында және тексерулер жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.
Салықтық тексерудің міндеті салық төлеушінің міндеттемелерінің заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу болып табылады. Салық қызметі органдары анықталған салықтық құқық бұзушылықтар фактілерін құжаттап растауы және оларды салықтық тексеру актісінде көрсетуілуі қажет.
Салықтық тексеру барысында салық төлеуші лауазымды тұлғаға тексеруге қажетті барлық құжаттарды ұсынуға және тексеруге қатысты салық салу объектілерге жіберуге міндетті.
Салықтық тексеру жүргізу кезінде салық төлеушінің қызметін тоқтатуға немесе кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірмеуі қажет.