Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілер назарына !

Жеке тұлғалардың мүлік салығын бюджетке төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі. Көлік құралдары салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.

Бұл ретте,  салықты бюджетке төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұл есепке жазылады.

2024 жылғы 17 мамырдан бастап берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жіберілетін болады.

Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, 40 АЕК-тен берешек сомасы кезінде ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25%-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алатындығын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Сіздерді салық міндеттемесін уақытылы орындауға шақырады!

Дата публикации
22 ноября 2024
Дата обновления
22 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы